Түмен облысынан Астанаға тікелей ұшақ ұшады

1271

Түмен облысынан Астанаға тікелей ұшақ ұшады

Түменнен Қазақстанның астанасына биылғы жылдың шілде айынан бастап ұшақтар ұша бастайды. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың Түмен облысы қазақтарының Ұлттық-мәдени автономиясының өкілдерімен кездесуі барысында белгілі болды. Бас қосу түмен-қазақ іскери достығы  орталығында өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бірлестіктің басшысы Есенғали Ыбыраевтың айтуынша, қазақ диаспорасы Түмен "Рощино" әуежайы мен қазақстандық әуе компаниялары арасында келіссөздер үшін алаң ұйымдастырған. Бірнеше кездесуден кейін  тасымалдаушы "AirAstana" тұрақты түрде қатынайтын "Түмен – Астана" бағытында рейс ашуды шешкен.

"Бірінші рейс 2018 жылдың 2-маусымына жоспарланған, - деді Түмен облысы қазақтарының Ұлттық-мәдени автономиясының президенті. – Болашақта "Түмен – Алматы" бағытында да рейс ашылады деген үміттеміз".

Павлодар облысының әкімі қазақ диаспорасының өкілдеріне қазақстандық-рейселік қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.

"Қазақ елінің тілі мен мәдениетінің дамуына барлық жағдай жасалғаны қуантады, - деді Болат Бақауов. – Біздің халықтың тарихы  мемлекеттеріміз сияқты өзара ұштасып жатыр. Біздің серіктестік экономикалық қызығушылықтарымен ғана шектеліп  қалмайды. Біз мәдениет саласында жақсы жұмыс жасаймыз. Оған Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған Қазақстан  халқы Ассамблеясы зор үлес қосуда. Бүгінгі таңда Павлодар облысында  24 этно-мәдени бірлестік жұмыс істейді. Олардың барлығы "Достық" үйінде бір шаңырақтың астында орналасқан".  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу