Түменде өндірілген бензин Павлодарға жеткізіледі

1000

Түменде өндірілген бензин Павлодарға жеткізіледі

Павлодар облысына Антипин мұнай өңдеу зауытынан бензин жеткізілмек, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыс әкімі Болат Бақауов бастаған павлодарлық делегация Түмен облысына жасаған іс-сапары барысында бензин шығаратын кәсіпорынға ат басын бұрды. Батыс-сібір мұнайымен жұмыс жасайтын Антипин МӨЗ-дің тоғыз миллион тоннаға жуық мұнай өндіретін күші бар. Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, алдағы уақытта өз өнімдерін Павлодарға жеткізуді жоспарлап отыр.

"Бүгінгі таңда біз Павлодар облысына жеткізілетін дизельдік жанар-жағармайдың аздаған мөлшерін өндіреміз, - деді Антипин МӨЗ өндірісті жоспарлау басқармасының басшысы Андрей Шамширин. – Гидротазарту құрылғысы орнатылғаннан кейін серіктестерімізбен бензин жеткізу келісімшартын жасамақпыз".

Кәсіпорын мұнай коксын сату және оны өндіру нарығын кеңейтудіжоспарлап отыр. Сонымен қатар, қонақтарды зауыт жұмыс істейтін құрылғылармен және мұнай өндірудің толық циклімен таныстырды.

Павлодарлық делегация 2013 жылы салынған "Түмен электр болаты" металлургиялық зауытында болды. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 550 мың тонна өнім беруге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу