Павлодарда Ертіс өзенінде қайықпен серуенге шыққан екі адам құтқарылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД-нің мәліметінше,31 жастағы ер адам мен 27 жастағы әйел адам қауіпсіздік ережелерін бұзып, түн ішінде үрлемелі моторлы резеңке қайықпен рұқсат етілмеген аумақта демалған. Қайық аударылып кетіп, суға құлаған екеуі өздігінен жағаға шығуға тырысқан. Ағысы қатты су оларды алысқа ағызып кеткен.
- Сағат 1.25-те жедел құтқару жасағының екі қызметкері олардың көмек шақырған дауысын естіп, дереу оқиға орнынан мотоқайық арқылы жағаға алып шыққан. Зардап шеккендер медициналық көмектен бас тартты, - деді департаментте.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу