Ақтөбеде "Жасөспірім" шарасының алғашқы күнінде тәртіп сақшылары түн жарымында көшелерде жүрген 35 баланы полиция учаскелеріне жеткізді, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
Облыстық ішкі істер департаментінен хабарлағандай, мектеп жасындағы балаларына дұрыс қарамаған 7 ата-ана есепке алынды. Бүгінде жастар көп шоғырланатын орындар анықталып жатыр.
Шара аясында қаладағы оқу орындарында кездесулер ұйымдастырылмақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу