Түн жарымында телефонын тартып алған

450

Астанада бұзақы жолай өтіп бара жатқан адамға күш көрсетіп, телефонын тартып алған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Түн жарымында телефонын тартып алған Фото: polisia.kz

Жәбірленуші түнде кафеге барып, Дүкенұлы көшесінің бойында үйіне қайтып келе жатқан сәтте, оған бір жас жігіт келіп, ұялы телефонын беруін талап еткенін айтады.

Беруден бас тартқан соң оны ұрып-соғып, телефонын тартып алған.

Сарыарқа аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында қаскүнемнің кім екенін анықтады.

Ол ұрланған телефонды өтіп бара жатқан адамға сатып жібергені де белгілі болған.

Ұялы телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу