"Түнде баласы жылаған ата-ана айыппұл төлей ме?" – Полиция жауап берді

Бірер күн бұрын әлеуметтік желіде "түнде баласы жылаған ата-аналар айыппұл арқалайды" деген сарындағы ақпарат жаппай тарады.         

"Түнде баласы жылаған ата-ана айыппұл төлей ме?" – Полиция жауап берді Фото: ФрутоНяня

Осыған байланысты Абай облысының полиция департаменті түсініктеме беріп өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция аталған ақпараттың заңнаманы дұрыс түсінбегендіктен туындағанын жеткізді. Негізінде нәрестенің жылауы әкімшілік жауапқа тартуға негіз болмайды. 

– Әлеуметтік желіде тыныштықты бұзған адамға қатысты жауапкершілік жөніндегі заң нормасына байланысты түсіндірме қате таралған. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 437-бабында көзделген құқық бұзу фактіге тұрғын үйде немесе оның сыртында сағат 22:00-ден таңғы 09:00-ге дейін шұғыл қажеттілікке жатпайтын, адамдардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін шулы әрекет жатады. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері тек жеке немесе заңды тұлғаның арызы негізінде ғана тексеру жүргізеді, – делінген ресми жарияланған хабарламада.  

Ал полицияның тексеру жүргізуіне жеке немесе заңды тұлғалардың арызы себеп болғаны айтылды. Жалпы, құқық қорғау органдары әрбір хабарламаны жеке қарап, құқықбұзушылықтың объективті және субъективті жағы анықталғаннан кейін ғана шара қолданады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу