Түнгі клуб шараларын өткізуге тыйым салынды

1575

Шектеу бүгіннен бастап күшіне енді.

Түнгі клуб шараларын өткізуге тыйым салынды

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова коронавируске қарсы еліміздегі мейрамханалар мен ойын-сауық орталықтары қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.

"Бас санитарлық дәрігердің кеңесі бойынша адамдар көп жиналатын шаралардан бас тарта тұрған жөн. Қандай жағдай болмасын санитарлық-дезинфекциялық шаралар жасалып, азаматтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі қажет...  Жоғарыда аталған ұсыныстар негізінде 13 наурызда халық көп жиналатын бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынды. Айтылып отырған ұйымдар, түнгі клубтар бұл регламентке кіреді. Сол себепті мұндай мекемелерде шараларды өткізуге тыйым салынғанын атап өткен жөн", – деді ол.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу