Түнгі клубта төбелескен екі полицей жұмыстан қуылды

290

"Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Түнгі клубта төбелескен екі полицей жұмыстан қуылды Фото: Lada.kz

Ақтауда түнгі клубта төбелес шығарған екі полицей жұмыстан қуылды, деп жазады inbusiness.kz сайты Lada.kz.-ке сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желіде Ақтаудағы түнгі клубтардың бірінде екі тәртіп сақшысының төбелеске бастама көтергені туралы ақпарат тарады. Маңғыстау облысының полиция департаменті фактіні растап, ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша қылмыстық іс тергелуде.

"Тәртіптік комиссияның шешімімен екі қызметкер ішкі істер органдары қызметінен босатылды", - деп қосты Полиция департаменті. 

Кінәлі экс-полицейлер қамалған жоқ, олар ешқайда кетпеу туралы қолхат жазды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу