Түнгі клубтағы өлім: Ақтөбедегі қанды оқиғаға қатысты іс сотқа жолданды

420

Сотталушылар 18 бен 35 жас аралығындағы ер адамдар. 

Түнгі клубтағы өлім: Ақтөбедегі қанды оқиғаға қатысты іс сотқа жолданды Фото: inbusiness.kz

Атышулы істі Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі облыстық мамандандырылған ауданаралық соты қарайды.

"Миллиардер" клубындағы кісі өлімі бойынша 16 сотталушы жауап береді. Олардың арасында клубты жалға алушы да бар.

Оған "қылмысты жасырып қалу" бабы бойынша айып тағылған. Қалғандары қылмыстық кодекстің "кісі өлімі", "адам ұрлығы" , "бұзақылық" баптары бойынша айыпталып отыр.

Қылмыстық іс бойынша 6 жәбірленуші бар. Оның екеуі қайтыс болды.

Естеріңізге салсақ, былтыр  26 қазанда Ақтөбеде өзен жағасынан зорлықпен өлтірілген екі адамның мәйіті табылған болатын. 

Тексеру барысында марқұмның бірі 27, екіншісі 31 жастағы ер адам екені анықталды. Белгілі болғандай, марқұм жігіттер Темір ауданынан келген. Екеуі  қол күрестен облыстық жарысқа қатысқаны белгілі болды. Облыстық спорт басқармасындағылардың айтуынша, біреуі жүлделі екінші орын, екіншісі 5 орын алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу