Түнгі клубтар карантин режимін бұзып жатыр

1080

65 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Түнгі клубтар карантин режимін бұзып жатыр

Үкімет отырысында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыдағы - 5, Нұр-Сұлтандағы - 4 түнгі клубтың иелеріне әкімшілік айыппұл салынғанын жариялады. 

"Ескертулерге қарамастан, карантин режимін бұзып ұсталып жатқандар бар. Мәселен, елордада қыркүйектің 25-нен 26-на қараған түні жұмыс істеп тұрған 4 түнгі клуб анықталды. Олардың біреуінен ғана тексеру кезінде 65 адам анықталып, барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Дәл осындай жағдай Алматыдағы 5 түнгі клубта тіркелді. Олардың барлығы жабылып, жауапты адамдар жазаланды", – деді министр.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу