Түн ортасында бөтен әйелдің үйіне кіріп, азғындық жасамақ болған ауыл әкімі жеңіл жазамен құтылды

428

1 жылға бас бостандығын шектелді. 

Түн ортасында бөтен әйелдің үйіне кіріп, азғындық жасамақ болған ауыл әкімі жеңіл жазамен құтылды Фото: opennews.kz

Жетісу облысына қарасты Ақсу ауылдық округінде тұратын әйелдің үйіне терезеден кіріп, тиіспек болған әкім жеңіл жазамен құтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қылмыстық іс аудандық сотта қаралды. Іс материалдарына сәйкес, оқиға тамыз айында болған. Әйел адам бөтен біреулердің жүргенін сезіп, көшеге жүгіріп шыққан, сонда әкімдік қызметкерін көріп қалады.

Әкім мен әкімдік қызметкері тұрғын үйге топ болып түнгі уақытта заңсыз кіру және елдің тыныштығын бұзу бабы бойынша айыпталды. Олар кінәлі деп танылып, әрқайсысына 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сот олардың іс-әрекеттерін ауырлығы жеңіл қылмыс деп таныды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. Сот үкімі күшіне енген жағдайда Ақсу ауылдық округының әкімі лауазымынан босатылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу