Ведомство мәліметінше, өзгерістер ең алдымен электронды дүкеннің жұмысын реттеуге бағытталған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Енді сатып алуларда міндетті түрде алдын ала тапсырыс рәсімдеу тәртібі енгізілді. Бұл барлық жеткізушіге тең мүмкіндік беру және тауарды қымбат бағамен сатып алу тәуекелін азайту үшін жасалып отыр. Сондай-ақ әртүрлі тауарларды бір лотқа біріктіруге болмайтын нақты жағдайлар белгіленді. Тапсырыс рәсімдеудің әр нұсқасына түсінікті тәртіп бекітілген.
Маңызды жаңалықтың бірі – сатып алу тапсырыстары енді тек жұмыс уақытында ғана қабылданады. Яғни, тапсырыстарды рәсімдеу уақыты 08:00-ден 20:00-ге дейін шектелді. Осылайша "түнгі тендерлерге" жол жабылды.
Жаңа ережелер 2025 жылғы 19 желтоқсаннан бастап күшіне енді. Қаржы министрлігі бұл өзгерістер мемлекеттік сатып алу жүйесінің ашықтығын арттырып, барлық қатысушы үшін түсінікті болуын көздейтінін атап өтті.