Тұңғыш АЭС-ке атау беру конкурсы ертең аяқталады

245

Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Тұңғыш АЭС-ке атау беру конкурсы ертең аяқталады Фото: gov.kz

25 қыркүйекте басталған Қазақстанның алғашқы атом электр станциясына атауын таңдау бойынша жалпы халықтық байқау жалғасып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Байқауға қатысу өте оңай. Ол үшін eGov Mobile мобильді қосымшасын ашып, басты беттегі "АЭС-ке атау ұсыныңыз" деген баннерін басып, қысқаша форманы толтыру қажет.

Одан кейін қатысушы тілді (қазақ немесе орыс тілін) таңдайды, өз нұсқасын енгізеді және қаласа, оның мағынасын қысқаша түсіндіреді.

Соңында конкурс ережелерімен танысқанын растап, ұсынысты жібереді.

"Ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 10 қазан сағат 23:59–да аяқталады. Демек, өз идеяңызды ұсынуға бір-ақ күн қалды. Конкурс ережелерімен Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің ресми сайтында және ведомствоның әлеуметтік желідегі парақшаларында танысуға болады", – деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бастаманың басты мақсаты – болашақ станцияның тарихи, мәдени және ұлттық маңызын бейнелейтін атауды таңдау. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу