Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – елбасының кітапханасы мен қоры баспа және электронды бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері арасында Тәуелсіздік күніне арналған "Қазақстан тәуелсіздігі және елбасы" тақырыбында таңдаулы материалдарға жыл сайынғы ашық конкурс жариялайды.
Конкурстың мақсаты – елдің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін көрсету, Қазақстан мемлекеттілігінің негізі ретінде "Назарбаев моделін", елбасының идеялары мен бастамаларын танымал ету.
Конкурс төрт номинация бойынша өткізіледі:
1. "Үздік теледидар материалы";
2. "Үздік радиоматериал";
3. "Газет пен журналдағы үздік мақала";
4. "Ғаламтор-БАҚ-тағы үздік жарияланым".
Әр номинация жеңімпазына 1 млн теңге ақшалай жүлде, ал екінші және үшінші орындарға – 500 мың және 200 мың теңге беріледі. Одан бөлек, барлық жүлдегерге диплом мен омырауға тағатын белгілер тапсырылады.
Конкурсқа кәсіпқой журналистер жеке және ұжымдық негізде де қатыса алады.
Конкурсқа 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 10 қазанына дейін мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми жарияланған материалдар қабылданады.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2017 жылдың 1 маусымы мен 10 қарашасы аралығында мына мекен-жайда: Z05S5X1, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Еңбекшілер көшесі, 10, 213-кабинет, "Қазақстан тәуелсіздігі және Елбасы" конкурсына" деген белгісімен қабылданады. Байланыс телефоны: (7172) 69-30-54, 69-30-56, 69-30-57.
Байқауды өткізудің шарттары мен уақыты туралы барлық ақпаратпен www.presidentlibrary.kz, www.presidentfoundation.kz сайттарында танысуға болады.