Тұңғыш президент күнін мемлекеттік мерекелер санатынан алып тастау ұсынылды

763

Тұңғыш президент күнін мемлекеттік мерекелер санатынан алып тастау мәселесі Мәжілісте қаралып жатыр. 

Тұңғыш президент күнін мемлекеттік мерекелер санатынан алып тастау ұсынылды

Депутаттар "кейбір заңнамалық актілерге кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында осындай ұсыныс енгізді, деп жазады inbusiness.kz.

"1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні және басқа да жоғары қоғамдық маңызы бар даталар сияқты атаулы күндерге ұқсатып, оны мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау ұсынылады", – делінген әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Жәмила Нұрманбетова қол қойған қорытындыда.

Сонымен қатар депутаттар Ұлттық құрылтай отырысында Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға 25 қазанды ұлттық мереке – Республика күні деп белгілейтін және 16 желтоқсанды – Тәуелсіздік күнін мемлекеттік мереке ретінде белгілейтін түзетулер енгізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу