Тұңғыш президент күнінде бірінші туған балаға Нұрсұлтан есімі берілді

1397

Тұңғыш президент күнінде бірінші туған балаға Нұрсұлтан есімі берілді

Астананың ең кішкентай тұрғындарына құрмет көрсетілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Елорда перзентханаларында 1 желтоқсан күні түнгі ауысымда 27 нәресте дүниеге келді. Тұңғыш Президент күні өмірге келген алғашқы баланың есімін ата-анасы Нұрсұлтан деп қойды.

Қаланың үш перинаталдық орталығында түнгі ауысымда 27 сәби өмірге келді. Оның - 11 ұл, 16-сы қыз бала. Бірінші желтоқсанда бірінші болып туған ұл баланың есімі Нұрсұлтан, ал қыз балаға ата-анасы Әлима деген ат берді.

Атаулы мерекемен отбасылық мерекесін қатар мерекелеп жатқан отбасылар елорда әкімдігінің сый-сияпатына бөленді.

Есіл ауданының әкімі Ермағамбет Бөлекбаев пен денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров №1 перинаталдық орталықта босанған әйелдер мен олардың аналарын құттықтады. Бұған қоса Астана әкімі Әсет Исекешевтің қос мерекемен құттықтау хатын  жеткізді.

"Статистикаға сүйенсек, елордада және жалпы алғанда елімізде жыл сайын бала туу көрсеткіші көбейіп, өлім-жітім көрсеткіші азайып келеді. Өткен жылы Астанада 27 мыңнан астам сәби дүниеге келді. Биылғы жылдың 10 айында 23 мың нәресте туды. Бұл өткен жылы туғандардан 900 балаға артық", - деді денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров.   

Бүгінде қалада үш перинаталдық орталық бар. Олардың барлығы жоғары материалды-техникалық база мен үшінші деңгейге ие. Аталған деңгейге ие перзентханалар  ауыр жағдайдағы жүкті әйелге ота жасап, босандыра алады.

Жалпы, Астанада тәулігіне орта есеппен 70 бала дүниеге келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу