"Тұңғыш Президент туралы" Заңның неге әлі күші жойылмады?

634

ҚР Әділет министрі Қанат Мусин "Тұңғыш Президент туралы" Заңның не себепті күші жойылмағанын айтып берді, деп жазады inbusiness.kz.

"Тұңғыш Президент туралы" Заңның неге әлі күші жойылмады? Фото: tengrinews.kz

Министр Тұңғыш Президенттің мәртебесі туралы заңға тоқталды.

"Ата Заңнан Елбасыға қатысты барлық норманың алынғандығы мәлім. Десек те, мұнда бір мәселе бар. Тұңғыш Президент туралы және оған сілтеме жасайтын нормалар өзге заңдарда да бар. Олардың саны 10-нан асады. Сол себепті де бұл жұмысқа біраз уақыт қажет. Бұл уақыт өте орындалады", - деді ведомство басшысы.

Қанат Мусиннің айтуынша, жұмысты тиісті мемлекеттік органдар жүргізіп жатыр. Сонымен қатар ол заңнамаға өзгерістер енгізіліп, аталған заңның күшін жою үшін заңнаманы талдау керектігін айтты.

"Мәжіліске мұндай заң жобасы әлі жолданбады. Ата заңға өзгерістер енгізілгендіктен, басқа заңдар Конституцияға сәйкестендірілуі керек. Оның ішінде Тұңғыш Президент туралы заң да бар", - деп қорытындылады ол.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу