Тұңғыш рет Семей қаласының әкімі тікелей сайлау арқылы таңдалды

Сайлау қорытындысында Әділет Қожанбаев 77,1% дауыс жинап, жеңіске жетті.  

Тұңғыш рет Семей қаласының әкімі тікелей сайлау арқылы таңдалды Фото: Tura18.kz

Осылайша, алғаш рет қала тұрғындары шаһар басшысын тікелей дауыс беру арқылы сайлаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Су жаңа әкімнің қарсыластары Қаныш Төлеуов 10,8%, Айболат Бекжасаров 8,4% дауыс жинаса, 3,7% адам барлығына қарсы дауыс берген.

Аталған оқиға Семей қаласының саяси өмірінде тарихи сәт болып саналған, өйткені, бұрын әкімдер тағайындау жолымен бекітілген-ді. Ал бұл жолы тұрғындардың таңдау құқығы жүзеге асты. 

Еске салайық, Әділет Қожанбаев бұрын Абай облысы, Көкпекті ауданының әкімі болды. Ол 1980 жылы 1 қаңтарда Семей облысы, Көкпекті ауданы, Биғаш аулында дүниеге келген.

Қазтұтынуодағының аң-терісі мех колледжін "Экономика, бухгалтерлік есеп және талдау" мамандығы бойынша бітірсе, Тұран университетінің "Бухгалтерлік есеп және талдау", "құқықтану" мамандықтары бойынша тамамдаған.

Мәскеу қаласындағы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясында оқып, "Іскерлік әкімшілендіру шебері – Master of Business Administration (MBA)" біліктілігін алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу