Тұңғышбай Жаманқұлов 6 млн теңгеге жуық қаржыны қайтарды

1098

Тұңғышбай Жаманқұлов 6 млн теңгеге жуық қаржыны қайтарды

Тұңғышбай Жаманқұлов келтірген шығынның бір бөлігін қайтарды. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысынан кейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров осылай мәлім етті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Осыған дейін Жаманқұлов шығынды ішінара өтегендігі хабарланған еді, бұл тұрғыда Қожамжаров актердің төлеген қаржысын нақтылап өтті. Агенттік басшысының сөзіне қарағанда, бүгінде Тұңғышбай Жаманқұлов 6 млн теңгеге жуық қаржыны қайтарды. Сонымен қатар "Қазақфильм" алдындағы барлық берешегін төлейтіндігі туралы міндеттемені өзіне алып отыр.

Еске сала кетейік, күдікті ретінде ұсталған танымал актер кепілзатпен босатылып, қазіргі кезде Тұңғышбай Жаманқұлов үйінде. Бұдан бұрын хабарланғандай, қараша айының басында "Жаманқұлов өз кінәсін мойындады" деген ақпарат тараған болатын. Ол 2 қарашада қаржыны жымқырды деген күдікпен ұсталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу