Тұңғышбай Жаманқұлов қазына қаржысына қол сұққанын мойындады

1385

Тұңғышбай Жаманқұлов қазына қаржысына қол сұққанын мойындады

Тұңғышбай Жаманқұлов бюджет қаражатын жымқырғанын мойындады, деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы. Бұл туралы "ҚазАқпарат" ХАА хабарлайды.

"Жақында ұсталған Т.Жаманқұлов өзінің қорғаушысының қатысуымен "Феникс" фильмінің түсіріліміне бөлінген бюджеттік қаражатты жымқырғанын толық мойындады және өз айыбына өкініп, келтірген шығынды өтеуді мойнына алды. Т.Жаманқұлов қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырғанын растады және бюджеттік қаржатты жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын мәлімдеді. Сондай-ақ  ол  ҚР ҚК 65-бабына сәйкес, кепіл төлеу арқылы шынайы өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату шарасын қолдану туралы өтініш жазды. 3 қарашада Т.Жаманқұлов шығынды ішінара өтеді және оның қоғамдағы орны, жасы және кепілзат төлегені назарға алынып, Жаманқұловқа қатысты "кепіл" шарасы қолданылды. Шынайы өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату туралы өтініш Т.Жаманқұлов, Н.Юдина және Г. Ысқақова келтірілген шығынды толық өтеген соң қаралады", – деп жазылған хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу