"Тұңғышы екенінде шаруасы жоқ": Сәбилі болған Алтынай Жорабаева күйеуі қандай сезімде жүргенін айтты

25801

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Алтынай Жорабаева күйеуінің жаңа туған сәбиіне қалай қарайтынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Тұңғышы екенінде шаруасы жоқ": Сәбилі болған Алтынай Жорабаева күйеуі қандай сезімде жүргенін айтты Фото: instagram.com

Өнер иесінің жолдасы қалай бала ұстауды жаңа туған анаға үйретіп жүрген көрінеді.

“Маған абайлап көтер, абайлап жатқыз деп ақыл айтып жүр. Негізі бұның алдында төртеу туғанымда, бұл өзінің тұңғышы екенінде дым шаруасы жоқ. Әлі талай қызық болайын деп тұрған сияқты. Қазір кеше ғана тұрмысқа шығып, психолог болып кеткендер бар ғой. Отбасылық өмірге енді қадам басса да, отбасы, бала тәрбиесі туралы сабақ өткізіп жүреді. Солай болайын деп тұрған секілді бізде”, – деді әнші. 

Әншінің айтуынша, күйеуі қызының күтіміне қатысты жоспар да құрған. 

“Әлішер кір жуатын машинаны да қайтадан тазалаймын деп отыр. Жақында ғана тазалаған едік. Жоспары сол. Ауыз толтырып әңгіме етіп айтып отыр”, – деді өнер иесі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу