"Түнімен бала қарауға көмектеседі": Фариза Төреәлі ана болғалы қалай өзгергенін айтты

3549

Блогер отбасылық өмірде жолдасының көп көмек беретінін айтып, алғыс білдірді.

"Түнімен бала қарауға көмектеседі": Фариза Төреәлі ана болғалы қалай өзгергенін айтты Фото: instagram.com

Танымал блогер, кәсіпкер Фариза Төреәлі балалы болғаннан кейінгі өмірінің қалай өзгергенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“Қызымызға сапалы, лайық көңіл бөлу үшін екеуіміз кезекпен бағып жатырмыз. Күшті солай жинау керек болып тұр. Әсіресе жолдасым екі-үш күн бойы демалуыма мүмкіндік береді. Өзінің де жұмысы көп бола тұра, аз ұйықтап жүр. Түнде Даратай жыласа, мені оятпай өзі қарайды. Менен артық қолынан жақсы келетінін көргенде Алладан жолдасыма көп сауап тілеймін. Отбасы үшін ғана барымызды жасайық! Сонда жолымыз болады”, – деп жазды блогер. 

Сондай-ақ, ол отбасылық өмірде жолдасының көмегі көп екенін айтып, ағынан жарылды.

“Әкесі мен қызы оңаша қалғанда мен өз жұмыстарымды жасап аламын. Таңғы 5-те тұрып, кітап оқып, күнделігіме ойларымды түсіремін. Кейде Дара бірге оянады. Емізіп отырып, жүзіне қарап, көңілім босайды. Шүкіршілік толып тұр. Кейде әкесінің қасына жатады. Екеуінің пысылдап ұйықтап жатқанын көргенде жүрегім елжіреп кетеді. Тамсана қарап отырамын. Бақыт деген осы сәттер көріп, сезе білгенге. Бақыт үшін көп нәрсенің қажеті жоқ”, – дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу