Мәжіліс депутаты, "Respublica" партиясының төрағасы Айдарбек Хожаназаров Олимпиадада жеңіліс тапқан Абиба Әбужақыноваға сыйақы беретінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Оған себеп - Әбиба қарындасымның көз жасы. Бұл намыстың көз жасы. Бұл - тектіліктің белгісі. Бұл - үлкен тәрбиенің үлгісі! Қысқасы, Әбиба қызымызға өз атымнан арнайы сыйақы беремін. Парижде Қазақстанның абыройын қорғаймын деп барын салды. Жарақат алса да қайтқан жоқ. Осындай еңбекті бағалау керек. Осындай патриоттықты насихаттау керек! Қанеки, жалғастырайық, Қазақтың жігіттері!" - деп жазды депутат.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу