Түнімен жүргізілген келіссөздерден кейін 154 кенші жер бетіне көтерілді

1035

Түнімен жүргізілген келіссөздерден кейін 154 кенші жер бетіне көтерілді

"АрселорМиттал Темиртау" АҚ көмір департаментіндегі жағдай туралы Қарағанды облысы әкімінің баспасөзі хабарлайды.

12-ші желтоқсан14.00-де Қарағандыға "АрселорМиттал СНГ" бас директоры Парамжит Калон Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановпен кездесуге келді. Компанияның ұсынған шарттарын талқылау 23.00-де аяқталды. Сонан соң аймақ басшысы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директоры Вадим Басинмен бірге шахтерлерге аттанды.

00.30-да Ерлан Қошанов Шахтинск шахтасының кенжарына түсті. Екі сағаттық келіссөзден кейін жер бетіне 59 адам көтерілді. Тентек шахтасында кездесуден соң 76 адам жер бетіне шықты.

03.00 Тентек шахтасында Ерлан Қошанов "АрселорМиттал Теміртау" АҚ шахталары директорларының, кәсіподақтар және бригадирлердің қатысуымен жиналыс өткізді. Мұнда тағы бір мәрте кеншілердің талаптары мен компанияның ұсыныстары талқыланды.

04.00 Әкім Ленин шахтасына келіп, кенжарға түсіп, кеншілермен жүздесті. Кездесуден соң 19 адам жер бетіне көтерілді.

06.00 Әкім Қазақстан шахтасына түсіп, онда да кеншілермен кездесті. Келіссөздер жалғасуда.

Нәтижесінде 13-ші желтоқсан таңертеңгі сағат 8-ге дейінгі уақытта жер бетіне 154 кенші көтерілді.

Мұнымен қоса, әлеуметтік желілерде Шахтинскіде қамауға алу жағдайлары орын алғаны туралы мәлімет тараған. Бұл ақпаратқа қатысты Қарағанды облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз-қызметі Шахтинск қаласында ешқандай тұтқындау және қамау амалдары жүргізілмегенін мәлімдеді. Полиция қызметкерлері азаматтарға жалпы дүрбелеңге бой бермеулерін сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу