Тунис президенті 57 сотты жұмыстан шығарды

535

2021 жылғы шілде айының соңында елде саяси дағдарыс басталды.

Тунис президенті 57 сотты жұмыстан шығарды

Тунис Президенті Каис Саид 57 сотты жұмыстан шығарып, оларды сыбайлас жемқорлықпен айналысты және терроризмге қатысты істерді тергеуге кедергі келтірді деп айыптады, деп хабарлайды inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Ресми дерек бойынша, жұмыстан шығарылғандардың қатарында Тунистің Жоғарғы Сот Кеңесінің бұрынғы басшысы Юссеф Бузакер де бар.

30 наурызда Саид парламентті тарату туралы шешім қабылдады. Оның мұндай қадамға баруына мемлекет басшысы қабылдаған айрықша шешімдер мен жарлықтарды мақұлдамауға мүмкіндік беретін заң жобасын талқылау үшін депутаттардың бейне байланыс режимінде жиын ұйымдастыруы себеп болды. Ақпан айының басында Саид Жоғарғы Сот Кеңесін таратты. Оның айтуынша, Кеңес мүшелері де сыбайлас жемқорлықпен айналысқан.

2021 жылғы шілде айының соңында Тунисте саяси дағдарыс басталды. Саид парламенттің қызметін тоқтата тұру, барлық депутаттардың қол сұғылмаушылық мәртебесін жою және премьер-министр Хишама Машишидің отставкаға кету туралы шешім қабылдады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу