Бұл туралы Тунистің Жағалау күзеті хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.
Синьхуа тілшісі телефон арқылы айтқандай, жағалау күзетінің ресми өкілі Хусемеддин Джбабли бір қайық сенбі күні кешке Сфакс провинциясының жағалауында (Оңтүстік-Шығыс Тунис), ал екіншісі Махдия провинциясының жағалауында (Шығыс Тунис) батып кеткенін хабарлаған.
"Алдыңғы түні Махдия провинциясындағы Тунистің Жағалау күзеті бөлімшелері Жерорта теңізін кесіп өтіп, Италия жағалауларына жетпек болған қайықтар батып, қайтыс болған 27 заңсыз мигранттың денесін судан шығарылды", - деді Хусемеддин Джбабли.
"Сонымен қатар, Сфакс провинциясының жағалауынан тағы екі заңсыз мигранттың денесі табылды", - деп түйіндеді Жағалау күзеті өкілі.
Оның айтуынша, құтқару операциялары барысында Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдерінен 11 мигрант құтқарылды, оған қоса хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу әлі де жалғасуда.
Х. Джбабли мигранттар Италияның Лампедуза аралына жету үшін Жерорта теңізінен өтуге тырысқанын түсіндірді.
Лампедуза аралы, әдетте, заңсыз мигранттардың Италияға баратын жолындағы алғашқы аялдамасы, Тунис жағалауынан шамамен 80 шақырым қашықтықта орналасқан.