Төрт адам қаза тапты, тағы тоғызы Тунистегі синагога маңындағы атыстан жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz елдің Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Агир-Джебрадағы Ұлттық гвардия әскери-теңіз күштерінің қызметкері әріптесін өзінің қаруынан атып өлтірген. Кейін оқ-дәрілерді алуды ұмытпаған шабуылшы Грейба синагогасына жетпек болып жолында кездескен барлық қауіпсіздік қызметкерлеріне оқ жаудыра бастаған.
"Нәтижесінде алты қауіпсіздік қызметкері әртүрлі дәрежеде жарақат алды, олардың бірі қайтыс болды. Сондай-ақ синагогаға келген екі азамат қаза тауып, түрлі жарақат алған төртеуі ауруханаға жатқызылды", - делінген хабарламада.
Шабуылдаушыны тәртіп сақшылары ұстады.
"Синагога мен оның айналасы қоршалған, адам шошырлық мұндай сұмдыққа не себеп болғаны зерттеліп жатыр", — деп қосты ІІМ.