Түпқарағанда 55 адамға қайтарымсыз грант берілді

611

Олардың әлеуметтік жағдайы басты назарға алынды.

Түпқарағанда 55 адамға қайтарымсыз грант берілді

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында "Еңбек" бағдарламасы бойынша кәсіп ашуы үшін аудан көлемінде 55 азаматқа қайтарымсыз грант берілді. Оның ішінде 3 аз қамтылған отбасы мүшесі, 10 көпбалалы ана, 21 жас кәсіпкер, 5 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Оларға грант құс және мал шаруашылығы, дәнекерлеу ісі, наубайхана, кондитерлік өнім, көлік қаптамаларын тігу, тоңазытқыштарды жөндеу, компьютерлік қызмет көрсету, сұлулық салоны, шаштараз, тігін салаларына бөлініпті. 

Бизнес-жоспарын ұсынып грантқа ие болғандардың бірі – екінші топтағы мүгедек Дияс Мурадуллаев. Ол инкубатор арқылы балапан өсіруді қолға алған.

"Бастау-Бизнес" бағдарламасы аясында оқу курсын оқып, өзімнің бизнес жоспарымды ұсындым. Нәтижесінде "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа бизнес жобаларды іске асыру бойынша мемлекеттік грантқа қол жеткіздім. Алғашқы талабымды шағын кәсіптен бастап, инкубатор арқылы балапан өсіруді қолға алдым. Одан соң қызушылығым артып, тауық түрін сатып алдым. Бүгінде тауық көбеюде, жұмыртқаларға сұраныс көп. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсібімді дөңгелетіп отырмын", – дейді Дияс Нұрбекұлы.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу