Түпқарағанда итбалықтар қырылып жатыр

603

Түпқарағанда итбалықтар қырылып жатыр

Түпқараған ауданына қарасты Форт-Шевченко қалалық жағажайына шығып қалған 245-ке жуық итбалықтың өлексесі табылды.

Осыған байланысты Маңғыстау облыстық орман шарушылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің, Түпқараған ауданының ветеринария қызметінің және Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің өкілдерінен құралған оперативті топ оқиғаның болу себебін анықтап жатыр. Теңіз жануарлары өлген жердің суы мен топырағынан сынамалар алынып, арнайы зертханада тексеріп жатыр.

Сонымен қатар, Каспий итбалығының сандық динамикасын зерттеп, оның популяциясына қатер төндіретін факторларды кешенді бағалау үшін "Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" ЖШС-ның және Гидробиология және Экология институтының мамандарымен бірлесіп, Инспекция қызметкерлері Дурнев аралына экспедиция ұйымдастырды.

16 сәуір мен 18 мамыр аралығына жоспарланып отырған экспедицияның нәтижесінде теңіз жануарлары өлімінің нақты себебі жан-жақты зерттеліп, өлім қаупін төмендету жөнінде ұсыныстар мен жобалар әзірленеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу