Өзін Дәулет Абдырахман деп таныстырған жігіт әлеуметтік желіден жаңа парақша ашып, кешірім видеосын жүктеген, хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жаза кетейік, диплом тапсыру рәсімдерінің бірінде бітіруші түлек "құжаттын" жыртып, өзгешеленгісі келген еді. Бұл сәттен соң көпшілік видеодағы жігіттің жазалануын талап еткен.
– Мен Абдырахман Дәулет Айдосұлы әлеуметтік желіде таралған видеолар үшін мұғалімдерімнен, білім беру ұйымдары ұжымдарынан кешірім сұраймын. Дипломның түпнұсқасы жыртылған жоқ. Мен алдын ала дайындап келген көк қағазды жырттым. Бұл әрекетіммен ешкімді қорлағам келген жоқ. Білімнің қадірін түсіру мақсатымен жасалған жоқ. Оқиға теріс пікір туғызады деп ойламадым. Бұл қателігім үшін кешірім сұраймын және болашақта мұндай қайталанбайды, – дейді ол видеода.