"Тур Де Франс" велотурнирінде қатысушыға жұбайын сүйгені үшін айыппұл салынды

264

Велошабандоз Жюльен Бернар жарыс кезінде жұбайын сүйгені үшін айыппұл арқалады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Тур Де Франс" велотурнирінде қатысушыға жұбайын сүйгені үшін айыппұл салынды Фото: бейнеден скриншот

Велосипедші жарыстың жетінші кезеңін аяқтап жатқан тұста әйелімен амандасу үшін аз-кем аялдай тұрған. Және жұбайының ернінен сүйген. Ал спорт ұйымы Бернардың бұл әрекетін "жарыс кезіндегі жағымсыз немесе әдепсіз мінез-құлық, спорттың беделіне кір келтіру" деп бағалады.

Халықаралық весипедшілер одағы жарыс кезінде спорттық емес қылық көрсеткен Жюльен Бернарды 200 швейцариялық франк (223 доллар) көлеміндегі айыппұлмен жазалады.

Велосипедші өзінің ыңғайсыз әрекеті үшін кешірім сұрауға мәжбүр болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу