"Белден төмен қарай істемей қалып жатыр": Танымал актер ауырып қалды

Мұндай жайсыз жаңалықты театр директоры Мадияр Серікбаев хабарлады.

"Белден төмен қарай істемей қалып жатыр": Танымал актер ауырып қалды Фото: Бейнежазбадан

Оның сөзінше, әзіл-сықақ театрының актері Меліс Наурызбековтің денсаулығы сыр берген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ол беліне ота жасатқан еді. Десе де, дәрігерлер оған кемінде бірнеше ай тынығып, ауыр қозғалыстан бас тартуға кеңес берген. Бірақ, Меліс Наурызбеков гастрольдік сапарға шығып, сахнада өнер көрсеткен. 

Мадияр Серікбаев актердің жағдайы қазір қайта нашарлағанын айтып отыр. 

– Негізі "6 ай жат, тұрма!" деген. Амал жоқ концертке шығып кетті. Талдықорғанға әрең барып келгенде 1 рет емдетті. Тағы да тұра алмай қалған. Концертке ауруды басатын дәрі егіп шықты. Белден төмен қарай істемей қалып жатыр аяғы. Тұра алмай жатыр. Алла шипасын берсін! – деді Мадияр Серікбаев.

Сөз соңында театр басшысы көпшіліктен Меліс Наурызбековтің сауығып кетуіне тілектес болуды сұраған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу