Аталған жағдай 16 қыркүйекте болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Екібастұз қаласында Mercedes жүргізушісіне полицейлер тоқтауды бұйырған. Десе де, жүргізуші қаша жөнелген. Полиция оны соңынан қуып, ақыры ұстаған.
Жүргізушіге 5 әкімшілік хаттама толтырылып отыр. Атап айтқанда:
- полицияның көлікті тоқтату туралы талабына бағынбау;
- жол апаты болған жағдайда орындауға тиіс міндеттерін орындамау;
- жол қозғалысы ережесін бұзып, материалдық шығын келтіру;
- қиылыстан өту ережесін бұзып, басқа көліктерге жол бермеу;
- қауіпті маневр жасап, басқа жүргізушілерді шұғыл түрде жылдамдығын немесе қозғалыс бағытын өзгертуге мәжбүрлеу.
Бүгінде іс сотқа жолданып, көлік айып тұрағына қойылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу