Тұрақтандыру қорларының жұмысын қайта қарау керек – вице-министр

657

Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров елімізде азық өндірісін дамыту бойынша жол картасы әзірленетінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тұрақтандыру қорларының жұмысын қайта қарау керек – вице-министр

"Инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешені жобасында министрік 11 жедел мерзімді және 8 орта мерзімді іс-шараны орындайды. Бұл – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру үшін басым дақылдардың егіс алаңдарын жасақтау мен көкөніс сақтау қуатын көбейту іс-шараларын қабылдау. Шикізат қорын дамыту үшін "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ негізінде тұрақты жұмыс істейтін жемдік астық қорын қалыптастыруды, сондай-ақ жемдік астық және ірі азықты әкетуге уақытша сандық шектеу немесе тыйым салуды көздейтін азық өндірісін дамыту жөніндегі жол картасы әзірленеді", – деді Айдарбек Сапаров.

Оның сөзінше, бағаны тұрақтандыру үшін болжам негізінде бағаның ең көп өсімі күтілетін тауарлардың нақты түрлерін сатып алу мақсатында тұрақтандыру қорларының жұмысын қайта қарау керек. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу