Тұрақтандыру қорына 700 миллион теңгенің тауары сатып алынады

905

 Негізгі қордың көлемі 4 мың 7 жүз тонна болса, оның 2,5 мыңы сәбіз бен картопқа тиесілі. 

Тұрақтандыру қорына 700 миллион теңгенің тауары сатып алынады

Қостанай облысында тұрақтандыру қорына 700 млн теңгенің тауары сатып алынбақ. Оған азық-түліктің 19 түрі ілінген, деп хабарлайды 24.kz.

Биылғы өзгеріс бойынша ақ май мен сүт өнімдері де тізімге еніп отыр. Негізгі қордың көлемі 4 мың 7 жүз тонна болса, оның 2,5 мыңы сәбіз бен картопқа тиесілі. Негізгі мақсат – жылда маусым сайын туындап жататын азық-түлік тапшылығын туындатпау. Сол үшін де өңірде өсірілмейтін дақылдарды қамтуға баса назар аударылып отыр.

"Біздің облыста қант қызылшасы пен күріш өндірілмейді, қарақұмықтың да көлемі аз. Сондықтан бұларды көп мөлшерде сақтаймыз. Жыл сайын қыс мезгілінде жұмыртқа қымбаттайды. Сондай жағдай болмас үшін жұмыртқаның және күнбағыс майы, сиыр етінің қоры жасақталады", - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім жетекшісі Жанар Балтабаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу