Тұрақты даму энергетикасы жөніндегі сегізінші халықаралық форум басталды

1123

Тұрақты даму энергетикасы жөніндегі сегізінші халықаралық форум басталды

Елордада тұрақты даму энергетикасы жөніндегі сегізінші халықаралық форум өз жұмысын бастады, деп хабарлайды abctv.kz.

Форумды "Тұрақты энергетиканың сын-қатерлерін шешу" атты министрлер конференциясы ашып берді. Жиынның негізгі тақырыптары – энергетикалық қауіпсіздік, сауда және инфрақұрылым, энергия, климат және азық-түліктің өзара байланысы, сондай-ақ аймақтық кеңістікте жаңартылатын энергетиканы дамыту болмақ.

Форумда сөз сөйлеген Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев бұл конференцияның жаһандық диалог тарихының түрлі елдер мен өркениеттердің арасында тәжірибе алмасудың жаңа бетін ашатынына сенім білдірді.

Сегізінші форумның ашылу салтанатына Азия және Тынық мұхиты елдеріне арналған БҰҰ экономикалық және әлеуметттік комиссиясының атқарушы хатшысы Шамшад Ахтар, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Ольга Алгаерова, БҰҰ бас хатшысының көмекшісі, БҰҰДБ әкімшісінің көмекшісі, Еуропа және ТМД елдері бойынша аймақтық бюроның директоры, ЭКСПО-2017 үшін БҰҰ бас комиссары Джихан Сұлтаноғлы, KAZENERGY қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаев қатысты.

Сондай-ақ форум жұмысына қатысуға Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев, Ресейдің энергетика министрі Александр Новак, Сауд Арабиясының энергетика, өнеркәсіп және минералды ресурстар министрі Халид әл-Фалих, өнеркәсіптік даму жөніндегі біріккен ұлттар ұйымының бас директоры Ли Йонг, Біріккен араб әмірлігінің мемлекеттік министрі Сұлтан Ахмед Аль-Джабер, Газ экспорттаушы елдер форумының бас хатшысы С.М. Хуссейн Адели, "Баршаға ортақ тұрақты энергетика" БҰҰ бастамасының бас атқарушы директоры Рейчел Кайт келді.

Іс-шара барысында министрлер, жоғары лауазымды делегаттар және энегетика саласындағы жетекші сарапшылар әлемдегі энергетика секторын трансформациялау үдерісі туралы, аймақтық ынтымақтастық пен жоспарлаудың атқарар рөлі мен маңыздылығы туралы, 2030 жылға дейінгі мерзімде тұрақты даму саласындағы күн тәртібіндегі мәселелерді шешу үшін өзара байланысты шешімдер мен тәсілдердің қажеттілігі туралы пікір алмасады. Сонымен қатар қазба байлықтарын пайдалану, энергиялық тиімділікті арттыру және жаңартылатын энергетиканы дамытудың өзара байланысы секілді мәселелер басты назарда болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу