"Тұран" футбол командасы құрылды

1517

Жаңа футбол команданың басты ерекшелігі – құрамы тек жергілікті спортшылардан жасақталып отыр. 

"Тұран" футбол командасы құрылды

Футболдан Қазақстан чемпионатының Премьер-лига ойындарына жолдама алған команда жаңа маусымға жан-жақты дайындалуда. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

"ҚР Футбол федерациясының Атқарушы комитеті кезекті отырыста Премьер-Лигада ойнайтын командалар құрамын 14-ке дейін көбейту туралы шешім шығарды. Қазақстанның 1-Лигасында біздің облыстан үш команда қатысқан болатын. Олар – "Мақтаарал", "Арыс", "Қыран" командалары. Біз осы үздік үш командадан іріктеу жүргізіп, облыстың, елдің намысын қорғайтын "Тұран" футбол командасын жасақтап жатырмыз. Жаңа футбол клубын құру мәртебесіне орай, Түркістан облысының әкімдігі "Тұран" футбол командасының жаңа логотипін қалыптастыру үшін бәйге жариялап отырмыз. Байқауға Қазақстанның барлық дизайнерлері мен суретшілерін қатысуға шақырамыз. Өңіріміздің тарихи, рухани ерекшелігі мен салауатты өмір салтын ұстануға бағыттайтын, үздік деп танылған логотип авторына "Тұран" футбол командасының ойындарына бір жылдық тегін билет сыйға беріледі. Байқауға "Coreldraw" бағдарламасымен дайындалған, осы жылдың 10 ақпанына дейін жіберілген жұмыстар қабылданатын болады",– деді Сәкен Қалқаманов.

Жаңа футбол команданың басты ерекшелігі – құрамы тек жергілікті спортшылардан жасақталып отыр. Яғни, шет мемлекеттерден легионерлер шақырмайды. Бұл – жергілікті талантты футболшылардың үлкен аренаға шығып, өз қабілеттерін көрсетуге жол ашуға мүмкіндік.

Сондай-ақ, брифингке қатысқан облыстық футбол федерациясының президенті Хаким Көшқалиев федерация жанынан алдағы уақытта облыстық футбол академиясы құрылатынын жеткізді.

"Дүниежүзі бойынша кең тараған спорт түрі - футбол Түркістан облысында да кең өркендеп, халықаралық рангіде дамитын болады. Оған жуырда ғана ашылған "Түркістан арена" стадионы толық жауап бере алады. Өңірімізде отандық футболды жаңғырту мақсатында Түркістан облысының футбол федерациясы құрылды. Жаңадан құрылған федерациясының басты мақсаты – облыстағы балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту. Алдағы уақытта "Арыс" командасы өз атауын "Тұран" атауымен жалғастыратын болады. Жаңадан құрылған "Тұран" ФК алдағы уақытта жеңістер тілейміз", – деді облыстық федерация басшысы.

Команданың құрамына келсек, қақпашылар: Бекжан Тоқтарбай, Андрей Пасеченко, Станислав Павлов, қорғаушылар: Нұрлан Даиров, Мейіржан Камбил, Ермек Қуантаев, Гафуржан Назаров, Қасымжан Таипов, Мардан Төлебек, Мирас Тулиев, Елсүйер Алпысбай. Ал жартылай қорғаушылар: Асылжан Аббас, Бақдәулет Ақберген, Бекжан Әліпбеков, Еркебұлан Амангелді, Бекзат Бейсенов, Нұрғайни Бурибаев, Абай Жүнүсов, Шынболат Мақсымхан, Алияр Мұхамед,Самат Бортай, Дархан Калиұлы. Сондай-ақ, шабуылшылар: Танат Нөсербаев, Темирлан Амиров, Нкоби Стэнли Чисом.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу