"Тұран тұғыры" сыйлығының иегерлері марапатталды

981

Түркістан облысында ұлттық спорт түрлерінен жыл бойы үздік нәтиже көрсетіп, жеңіске жеткен саңлақтарға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды inbusiness.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тұран тұғыры" сыйлығының иегерлері марапатталды

"Тұран тұғыры" сыйлығына Түркістан облысының ұлттық спорт түрлері мектебінің 13 үздік спортшысы лайықты деп танылды. 10 спорт түрі бойынша үздіктер анықталып, "Тұран тұғыры" статуэткасы табысталды. Сонымен бірге көкпар спорты бойынша 10 үздікке құрмет көрсетілді.

Атап айтсақ, "Үздік сәйгүлік", "Үздік шабандоз", "Үздік атбегі", "Үздік төреші", "Үздік комментатор", "Үздік аудан", "Үздік көкпар федерациясы" және өзге де үздік атанған өрендерге арнайы сыйлықтар бұйырды.

Сондай-ақ 200-ге жуық ұлттық спорт түрінің жанашырлары арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Аударыспақтан "Жылдың үздік спортшысы" аталымын Сырым Ізбасаров иемденсе, конкур спортынан түркістандық Шыңғыс Маликаждар үздік деп танылды. Жамбы атудан Айтбек Сарыбай үздік болса, Ербұлан Бекбосынов үздік бапкер атанды. Теңге ілуден талантты балуан Рахат Қамбаров "Жылдың үздігі" атанса, оның бапкері Нұржан Әбілқасымов "Үздік жаттықтырушы" аталымы бойынша марапатталды. Талай додаларда жеңіске жеткен дарынды саңлақ Еркінбек Бөлен "Үздік балуан" атанып, жерлестерін қуантты. Ірі халықаралық додаларда алтын медаль алған аударыспақ шебері түркістандық Ермек Құралбай өңір спортшыларының жеңісі үшін бапкерлердің еңбегі зор екенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу