Келешекте E-Salyq Azamat мобильдік қосымшасын орнатқа азаматтар дүкеннен алған түбіртектерін гаджет көмегімен тексеретін болады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаевтың айтуынша, мобидьдік қосымша тұтынушылардың құқығын қорғайтын өзге де қызметтермен толығады.
"E-Salyq Azamat арқылы келешекте тіпті алкогольдік өнімді тексеруге болады. Қазір оларға DataMatrix жабыстырылады. Сол кодтар арқылы өнімнің шынайылығын тексере аламыз. Тіпті кассалық түбіртектердің де фискалдық деректерін пысықтап, түбіртектің түпнұсқа екенін анықтауға болады. Яғни келешекте қосымша әрі қарай да жетілдіріле береді", - деді ол брифингте.
Есжан Ботақара