Түргендегі мектептің жалғыз түлегі бітірді

850

Түргендегі мектептің жалғыз түлегі бітірді

Ақмола облысының Аршалы ауданына қарасты Түрген ауылында 11-сыныпты жалғыз оқушы бітіріп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алексей Деревянконың қатарластары 9-сыныптан соң колледжерге кетіп қалған екен. Осылайша Түрген орта мектебінің мұғалімдері соңғы екі жылдан бері 11-сыныптан тек Алексей Деревянконы оқытып келіпті. Ал түлектің өзі, алғашында бір сыныпта жалғыз оқу ерсі болғанын жасырмайды. Мектеп бітірген соң, Алексей Қарағандыға барып, автоэлектрик мамандығын оқуды жоспарлап отыр. Мұғалімдер жалғыз түлекке тіпті мектеп бітіру кешін ұйымдастырып бермек ниетте. 


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу