Тұрғын үй бағасы арзандай ма?

1047

Сауалға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жауап берді. Бұл туралы ведомство басшысы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте айтты, деп жазды inbusiness.kz. 

Тұрғын үй бағасы арзандай ма?

"Дәл қазір тұрғын үй бағасына қатысты болжам жасау қиын. Былтыр елімізде тұрғын үй бағасына зейнетақы қорындағы жинақты пайдалану мүмкіндігі әсер етті. Сәйкесінше, сұраныс бірнеше есеге артты. Биыл да байқағанымыздай тұрғын үйге деген сұраныс жоғары. Алдағы уақытта баспана бағасы тұрақталады деп болжап отырмыз", – деді Қайырбек Өскенбаев. 

Бұл ретте министр баспана бағасына доллар бағамы да ықпал ететінін атап өтті. 

"Теңге бағамы тұрақсызданса тұрғындар табысын жылжымайтын мүлікке салып жатады. Сондықтан дәл қазір нақты бір болжам айтуға ерте", дейді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу