Тұрғын үй бағасы девальвацияға дейінгі деңгейге түсті

825

Тұрғын үй бағасы девальвацияға дейінгі деңгейге түсті

Астанада тұрғын үй бағасы девальвацияға дейінгі деңгейге түсті. Алайда Алматыда үй бағасы 2015 жылғы көрсеткішке жеткен жоқ. Бірақ оңтүстік астанадағы баға солтүстікке қарағанда тез төмендеп жатыр. Мұндай ақпаратты тұрғынүй нарығының сарапшылары айтты. Крыша.кз сайтының мәліметінше, бағаның төмендігі бойынша алғашқы үштікті Ақтау, Шымкент және Алматы бастады. Жыл басынан бері баспана 5,4 пайызға арзандап, шаршы метрдің орташа бағасы 340 мың теңгені құрады. Ал Астанадағы үйлердің шаршы метрі 320 мыңға саудаланып жатыр. Сарапшылардың пікірінше, мемлекеттік бағдарламалардың арқасында жаңа үйлер өтімді болып тұр. Дейтұрғанмен, соңғы 4 жылда баспана бағасы 20 пайызға қымбаттаған.

Алина Буравцева Krisha.kz шолушысы: "Алматыдағы тұрғынүй бағасы дағдарысға дейінгі кезге қайтқан жоқ. нарық 7 пайызға ғана қалпына келді. Қазір үй сатушылардың ұсыныстары өте көп. Дағдарыс жағдайындағы ұсыныстар сатып алушыларға тиімді."

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу