Тұрғын үй бағасы қымбаттады

1956

Қыркүйек айында елімізде үй бағасы 0,4%-ға, жыл басынан бері 3,6%-ға көтерілген.

Тұрғын үй бағасы қымбаттады

Статистика комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, елімізде қыркүйек айында жаңа тұрғын үй бағасы тамыз айымен салыстырғанда 0,4%-ға, ал 2018 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 3,6%-ға қымбаттаған. Сонымен қатар, екінші нарықтағы пәтерлер құны қыркүйек айында 0,3%-ға, жыл басынан бері 4,3% көтерілген. 

Осы ретте жалға беру нарығында да өзгерістер байқалады. Қыркүйек айында бұл көрсеткіш 1%-ды құраса, жыл басынан бері 5% өсім байқалады. 

Орта есеппен қыркүйек айында республика бойынша жаңа үйдің шаршы метрінің бағасы - 285 мың 640 теңге, екінші нарықтағы үй – 197 мың 299 теңге көрсеткішіне тұрақтады. Ал жалға берілетін пәтердің шаршы метрінің құны – 1470 теңгені құрады. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін сарапшылар жыл соңына дейін тұрғын үй бағасы 2% өсуі мүмкін деп болжаған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу