Тұрғын үй бағасы орта есеппен 9%-ға төмендеді

1226

Бастапқы нарықтағы тұрғын үй бағасы 0,4%-ға, қайталама нарықтағы тұрғын үй 5%-дан 1,1% дейін арзандады. 

Тұрғын үй бағасы орта есеппен 9%-ға төмендеді

Үкімет отырысында бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин осылай деді, хабарлайды inbusiness.kz.

Агентік төрағасының сөзінше, бұл қаңтар, шілде аралығындағы көрсеткіш. 

"РАМС-Қазақстан" компаниялар тобы бағаны Алматы қаласында бірқатар тұрғын үй кешенінен шаршы метр үшін 15%-ға немесе 90 мың теңгеге дейін, BAZIS-A компаниясы Алматы қаласында тұрғын үй кешендеріне шаршы метр үшін 20 мың теңгеге дейін, BI Group Нұр-Сұлтан қаласындағы 51 кешенде бастапқы тұрғын үйге орта есеппен 8%-ға, Алматы қаласында – 11 %-ға, Шымкентте – 3 %-ға, Атырауда – 4 %-ға төмендетті. Басқа құрылыс компаниялары бағаны орта есеппен 15-20%-ға арзандатты. Бағаның төмендеу пайызы орта есеппен 9%, төмендеу серпіні – шаршы метрге 10 мың теңгеден 125 000 теңгеге дейін болды", – деді агенттік төрағасы. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу