Тұрғын үй бағасы тағы қымбаттады

1289

Бірақ карантин аяқталғаннан кейін еліміз бойынша пәтер бағалары кемі 10-15 пайызға арзандайды деген болжамның бар.

Тұрғын үй бағасы тағы қымбаттады

Дағдарысқа қарамастан, пәтер құны ай сайын көтерілуде. Мәселен, су жаңа үйлер бағасы бір айда 0,1 пайызға қымбаттап, жылдық өсімі 7 пайызды құраған, деп хабарлайды Atameken Business. 

Қазір бір шаршы метр орташа есеппен 297,2 мың теңгеге саудалануда. Қайталама нарықта да дәл осындай жағдай. Мұнда баспана бағасы бір жылда 7,4 пайызға қымбаттаған. Жалдамалы пәтердің құны да көтерілген.

Жекелеген қалаларға тоқталсақ: Көкшетауда тұрғын үй бірден 15 пайызға өскен. Қостанай мен Нұр-Сұлтанда 12 пайызға дейін шарықтап кеткен.

Ең жоғары баға елорда мен Алматыда тіркелген. Мұнда әр шаршы метр 360-370 мың теңге аралығында. Шымкен пен Атырауда да су жаңа пәтердің құны 300 мыңнан төмен емес.

Бірақ карантин аяқталғаннан кейін еліміз бойынша пәтер бағалары кемі 10-15 пайызға арзандайды. Atameken Business тілшілері риэлторлар қауымтасығына хабарласып, осындай болжамның бар екенін анықтап білді:

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу