Тұрғын үй бағасы түскен жоқ – сарапшы

384

Баспана нарығы мамандары үй бағасының төмендеуі төңірегінде айтылып жүрген әңгімелерді жоққа шығарды.

Тұрғын үй бағасы түскен жоқ – сарапшы Фото: inbusiness.kz

Сарапшылардың айтуынша, жағдай қайта тұрақталып келе жатыр. Түрлі мемлекеттік бағдармалар пайда болғалы алғаш рет бірінші және екінші деңгейлі үйлердің шынайы бағасын көре бастаппыз.

Мамандар қазір бірінші және екінші нарықтан үй алудың еш айырмашылығы жоқ. Ақыр соңында бір баға шығады, дейді. Жалпы нарықта дүрбелең басылған. Себебі, бұған дейін зейнетақы жинағы, баспана хит, орда секілді бағдарламалар арқылы үй алуға мүмкіндік болған еді. Осы сәтті пайдаланып құрылыс компаниялары мен екінші нарықтағы пәтер иелері бағаны аспандатып жіберді. Ал қазір мемлекет көмегі жоқ болғандықтан, жағдай бұрынғы қалпына орала бастады. Бірақ бұл баға төмендеп жатыр дегенді білдірмейді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу