Тұрғын үй бағасының өсуі қашан тоқтайды?

1056

Жыл басында ескі үйлердің бағасы 17%-ға өскен.

Тұрғын үй бағасының өсуі қашан тоқтайды? Фото: inbusiness.kz

2021 жылдың сәуір-мамырында тұрғын үй бағасының өсуі тоқтауы мүмкін. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Осы жылдың қаңтарында жаңа үйдің бағасы 3%-ға, ал бұрын салынған үйлердің бағасы 17%-ға өсті. Ақпанда да тұрғын үйдің бағасы сәл артқанын байқадық. Наурызда тұрғын бағасының көтерілуі тоқтады. Бұл айда жаңа үйлер 0,5%-ға, ал ескі үйлер 2%-ға өсті", - деді бірінші вице-министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның пікірінше, тұрғын үйдің қымбаттауы зейнетақы жинағындағы ақшаны алуға мүмкіндік берілгесін басталған.

"Алайда сәуір-мамырда тұрғын үй бағасының өсуі тоқтайды деген ойдамыз. Маусым-шілдеде тұрғын үйдің бағасы қалыпқа келуі мүмкін. Себебі, осыған дейін зейнетақы жинағындағы ақшаны үй алуға мүмкіндік берілді, тұрғын үй бағасы өсті... Келесі айларда тұрғын бағасының өсуі тоқтайды", - деп түйіндеді сөзін Қайырбек Өскенбаев.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу