Тұрғын үй бағдарламасы операторларының саны үш есе қысқартылмақ

1220

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында осындай заң жобасы ұсынылды.  

Тұрғын үй бағдарламасы операторларының саны үш есе қысқартылмақ

Елімізде тұрғын үй бағдарламасының жаңа бірыңғай операторы құрылмақ, деп хабарлайды Atameken Business.   

Бұл депутаттар тарапынан жасалып отырған бастама. Онда "Қазақстан ипотекалық компаниясы", "Бәйтерек девелопмент" және "Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорын" бір ортаға біріктіру көзделген. Сөйтіп, 7 компанияның қатары қысқартылып, бір-бірін қайталайтын функциялары жойылады.

Әрі әкімшілік шығындар азайтылуы тиіс. Сондай-ақ, бұл құжат бірыңғай оператордың ипотекалық тұрғын үй қарызын жабуға және баспана құрылысының аяқтауына кепілдік береді. Инвестициялық жобаларды да қаржыландырады.

Жалпы, биыл елде 15 млн шаршы метрді құрайтын 150 мың пәтер салу жоспарланған. Оның 38 мың 300-і жалға берілетін және кредиттік баспана. Оған бюджеттен 90 млрд теңге бөлу қарастырылған. Енді бұл жұмысты "Тұрған үй құрылысының бірыңғай операторы" мен "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" ғана жүргізуге құқылы болуы мүмкін.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу