Тұрғын үй беру тәртібі өзгертілді

190

Қазақстанда төтенше жағдайдан зардап шеккендерге үй беру тәртібі өзгерді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тұрғын үй беру тәртібі өзгертілді Фото: canva.com

Толықтырулар Үкімет қаулысына енгізілді.

Жаңа ереже мемлекет тарапынан уақытша берілген тұрғын үйде тұрып жатқандарға бағытталған.

Енді оларға күйеуі я әйелінде, кәмелетке толмаған балаларында жылжымайтын мүлкі жоқ деген анықтама тапсыруы міндеттеледі.

Тұрғындар оны "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан алуы керек.

Ал үйі болып, бірақ ол санитарлық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін жатақханадағы бөлме болса немесе 50 пайызға жетпейтін басқа тұрғын үйдегі үлесі болса, ол азаматқа үй алуға кедергі болмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу