Тұрғын үй инвестициясы 18% артты

954

"Шаңыраққа" бөлінген қаражаттың 180 млрд теңгесі өңірлерге берілмек.  

Тұрғын үй инвестициясы 18% артты

Қаңтар-сәуір аралығында тұрғын үй құрылысына 381,9 млрд теңге инвестиция салынған. Finprom.kz сайтының ақпаратына сүйенсек, Алматы қаласы мен облысы бұл көрсеткіш бойынша көш басында тұр. Оңтүстік астанада 77 млрд теңгенің, Алматы облысында 40,4 млрд теңгенің тұрғын үйі салынбақ. 

"Инвестицияның 77%-і бизнестің жеке қаражатынан алыып отыр. Жергілікті бюджеттер 11%-ын, республикалық бюджет 4,6%-ын қосқан. Қалған бөлігін несие мен қарыздар құрайды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, биыл баспана кезегіндегілерге арналған "Шаңырақ" ілкімді жобасы қолға алынады. Бұл мақсатқа 390 млрд теңге қарастырылған. Оның 180 млрд теңгесі өңірлерде кредиттік баспана салуға бағыталады", - деп жазады Finprom.kz.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу